2019 жылдың желтоқсанында Қазақстанның барша әдеби қауымдастығы Фариза Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуын атап өтеді. Абонементтер бөлімінде қоғам қайраткері, Абай атындағы Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, халық ақынының өмірі мен шығармашылығына арналған «Өлеңменен өрнектелген өмірі» атты кітап көрмесі жұмыс істейді.
Көрмеге Фариза Оңғарсынованың 12 томдық шығармалар жинағы, түрлі жылдары жарық көрген жинақтары, сондай-ақ басқа тілдерге аударылған шығармалары қойылған. Көрмені оқырмандарға Фариза Оңғарсынованың тұлғалық қасиеттері мен шығармашылығы жайында мәлімет беретін ақынның дос-жарандары мен әріптестерінің естеліктері толықтыра түскен.
Желтоқсанның соңына дейін көрмені көруге шақырамыз!