1 желтоқсанды мемлекеттік мереке – тұңғыш Президент күні ретінде бекіту туралы заңды 2011 жылдың 10 желтоқсанында Парламент Сенаты қабылдады. Мереке ретінде бұл күнді таңдауға 1991 жылдың 1 желтоқсанында орын алған тарихи оқиға – алғашқы жалпы халықтық сайлау нәтижесінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлаушылардың 98,7 пайызын иеленуі негіз болды.
2019 ж. 20 қарашасында кітапхананың ӘОЗ «Тұғыры биік - Елбасы» портрет-кеші өтті. Шараға ҚР ҰҚК «Солтүстік» өңірлік басқармасының 2039 ә/б әскери қызметкерлері шақырылды. Кеште Н. Назарбаевтың Қазақстан Президенті лауазымында атқарған жұмыстары жайындағы таныстырылымдар мен бейнесюжеттер көрсетілді. Шарада «Тұңғыш президент – тәуелсіздігіміздің тірегі болған тұлға» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қонақтарға «Мирас» мәдениет үйінің қызметкерлері Ерболат Жазықпаевтың, Н. Л. Пикулеваның және Л. Н. Толстой ат. кітапхананың қызметкері Нұржан Қуандықовтың орындауындағы әндер ұсынылды.