Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Рудный қ. әдеби десант
24.10.2019

24 қазанда Өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпараттық секторы мен Рудный ОКЖ мемлекеттік тілдегі кітапханасының бірлесе әрекет етуімен кезекті «Әдеби десант» ұйымдастырылды. Бұл жолы Ы.Алтынсарин ат. Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің студенттері мен оқытушылары ақын, журналист, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, КСРО теледидар және радио жүйесінің үздігі, «Әдебиет» аталымы бойынша Қостанай облысы меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының лауреаты Нағашыбай Мұқатовпен кездесуге мүмкіндік алды. Колледждің жиналыс залында бос орын болмады. Нағашыбай Оразбайұлы жиналғандарға өзі туралы, журналист мамандығы туралы айтып беріп, өзінің өлеңдерін оқыды, көптеген сұрақтарға жауап берді. Кештің соңы сұрақ-жауап түрінде өтіп, жастардың Нағашыбай Мұқатовтың шығармашылығы мен кәсіби жұмысына деген қызығушылығын көрсетті. Кешке келген студенттердің ішінде әдебиетте өз күшін байқап жүрген жастар да жеткілікті болып шықты және оларды Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК жанынан жұмыс істейтін жастардың «Ақ қауырсын» әдеби клубының жұмысы қызықтырды.

Шараның жемісті болғанын ескерген ұйымдастырушылар жемісті ынтымақтастықты жалғастыру туралы шешім қабылдады.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ