Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына арналған Жастар конференциясы
30.09.2019

2019 жылдың 27 қыркүйек күні Қостанай қаласының балалар шығармашылық мектебінде Қостанай облысының мәдениет басқармасы мен Л. Н. Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті жазушысы Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына арналған Жастар конференциясы өтті. Конференцияның мақсаты - ақынның шығармашылығы мен мұраларын насихаттау, азаматтық болмысын көрсету, республикаға танымал жас ғалымдар ақын туралы ғылыми жұмыстарын көпшілік назарына ұсынды.

Конференция ТЕDх+Аквариум форматында өтіп, жан-жақты талқылаулар мен байланыстарға мүмкіндіктер ашылды. Кеш жүргізушісі Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, І. Омаров атындағы қазақ драма театрының әдеби қызметкері - Абылай Мауданов болды.

Шарада облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Болатұлы сөз сөйлеп конференцияның маңыздылығына тоқталды және қатысушыларға өз ілтипатын білдірді. Жас ғалымдар З. Т. Кәрімхан, Е. Н. Тоқтарбай, А. Төлеу, Ә. У. Байбол, Е. Е. Рахметуллин жазушы шығармашылығына, ақынның бүркеніш есімдеріне, драмалық шығармаларына, қазіргі әдебиеттегі мәселелер жайлы, ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін және Бейімбет Майлин тұлғасын толық ашып берді.

Конференция барысында жазушының өмірі жайлы жаңа фактілер тіркеліп, нақты дерек көздер арқылы ғалымдар мен жастар арасында пікір алмасу жүрді. Кітапхана қорынан – бірегей басылымдардың ұсынылуымен жазушының өміріне және шығармашылығына арналған «Бейімбеттің биігі» атты безендірілмелі кітап көрмесі ұйымдастырылады.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ