26 қыркүйекте Абонементтер бөлімінің кітапханашылары Қостанай жоғары медициналық колледжінің студенттері үшін ТМД елдеріндегі Кітап жылына арналған әдебиеттер шолуын өткізді.
Жиналған студенттерге ТМД елдерінің атақты жазушыларының: Шыңғыс Абдуллаевтың, Эльчин Сафарлидің, Шыңғыс Айтматовтың, Гузель Яхинаның, Евгений Водолазкинның шығармалары көрсетілді. Қазақстандық әдебиет те: Мұхтар Әуезовтың, Ілияс Есенберлиннің, Сәбит Мұқановтың, Оралхан Бөкеевтің, Герольд Бельгердің, Ғабиден Мұстафинның, Сәкен Жүнісовтың, Шәрбану Бейсенованың шығармалары кеңінен таныстырылды.
Студенттер шолуға шығарылған кітаптар жайындағы әңгімелерді қызыға тыңдады, сұрақтар қойды, оқыған кітаптары туралы пікірлер алмасты. Шара барлық қатысушыларды Толстовканың оқырмандар қатарын толықтыруға шақырумен аяқталды.