Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ғасырларды жалғаған жазушы»
19.09.2019

18 қыркүйекте Өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпараттық секторының ұйымдастыруымен Анна Ахматованың өмірі мен шығармашылығына арналған шара өтті.

Жанға жайлы әдеби қонақжайда гуманитарлық мамандық студенттері, мектеп оқушылары, Қостанайдың жазушылары мен журналистері – Анна Андреевнаның поэзиясына бейжай қарамайтындардың барлығы жиналды. Әдеттен тыс нысанда өткен кездесу Анна Ахматованың Санкт-Петербургтегі мұражай-үйіне онлайн-экскурсия түрінде ұйымдастырылды және ақын өмірінің әр кезеңіне жан-жақты сипаттама берілді. Шараны Қостанай музыкалық колледжінің түлегі Мария Гречушкина Бетховеннің музыкалық композициясымен ашты. Шараға келген бір де бір адамды бейжай қалдырмаған фортепианодағы кәсіби орындаушылық аудиторияны лирикалық бағытта болатын кездесуге дайындап үлгерді. Қонақтардың Ахматованың шығармашылығын еске түсіруіне Нелла Жулманованың театр студиясының әртісі Юносова Лаура көмектесті: қонақжайдың қабырғасында жүректі толқытқан «Поэт» өлең оқылды. Келгендер Ахматованың шығармаларын өздері де тыңдады: сирек кездесетін 1920 жылдардағы аудиожазбадан ақынның нәзік дауысы естілді. Фонтан үйіндегі мұражайларға жасалған әдеттен тыс онлайн-саяхат викторинамен аяқталды, жүргізушілер Анна Андреевнаның өмірбаяны бойынша сұрақтар дайындады. Студенттер сүйікті ақындарының өмірі мен шығармашылығы жайындағы білімдерін толықтырды, ал жеңімпаз сыйлыққа – Анна Ахматованың өлеңдері мен поэмаларының жинағына ие болды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ