Құрметті оқырмандар!
Абонементтер бөлімінде «Отбасылық оқу» көрме-кеңесі жұмысын жалғастырып келеді. Қыркүйектің тақырыбы – «Ақыл байлығы ешқашан сарқылмақ емес».
Көрмеге келесідей кітаптар: Абайдың «Қара сөздері», Конфуцийдің «Афоризмы и притчи», Б. Спинозаның «Избранные произведения», А. Шопенгауэрдің «Афоризмы житейской мудрости» шығармалары, «Бабадан қалған асыл сөз», «Лучшие афоризмы на каждый день» жинақтары және т.б. қойылған.
Бұл кітаптарда атақты адамдардың ең қызықты, парасатты пікірлері жинақталған. Оларды оқыңыздар, олардан үйреніңіздер, қорытынды шығарыңыздар, оларды өз өмірлеріңізде қолданыңыздар және ақылды, бақытты бола беріңіздер!
Көрме 2019 жылдың 1 және 30 қыркүйегі аралығында жұмыс істейді.
Барлық тілек білдірушілерді көрмені көруге шақырамыз!