Қарапайым да ғажайып классика
06.08.2019
Құрметті оқырмандар! Абонементтер бөліміндегі «Отбасылық оқу» көрме-кеңесі өз жұмысын жалғастырады. Тамыз айының тақырыбы – «Қарапайым да ғажайып классика».
Классикалық шығармалардың құндылығы олардың келелі кеңеске, парасатты және жүрекжарды әңгімеге шабыттандыруы, әр нәрсеге ой жүгіртіп, толғануға ықпал етуі болып табылады.
Көрмеге аттары әлемге әйгілі авторлар: Теодор Драйзер, Джек Лондон, Эрих Мария Ремарк, Эрнест Хемингуэй, Ги де Мопассан, Колин Маккалоу, Соммерсет Моэмнің және көптеген тағы басқалардың көпшілікке танымал классикалық шығармалары қойылған. Көрмедегі Абайдың, Шәкәрімнің, Жамбылдың, І.Есенберлиннің, Ә.Нұршайықовтың, С.Мұқановтың және басқалардың шығармаларына ерекше көңіл бөлінген. Көрмені орыс авторлары: Л.Толстойдың, М.Булгаковтың, Ф.Достоевскийдің, А.Куприннің, А.Солженицынның және т.б. шығармалары толықтыра түскен.
Көрме 2019 жылдың 1 және 29 тамызы аралығында жұмыс істейді.
Барлық тілек білдірушілерді көрмені көруге шақырамыз!