Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Отбасылық оқу шеңбері» атты кітап көрмесінің циклі
02.07.2019

Абонемент бөлімінде «Отбасылық оқу шеңбері» атты кітап көрмесінің циклінің жалғасында саяхаттар мен Ұлы географиялық ашулар дәуіріне арналған кезекті шілде айындағы «Білімді арттырып, бөтен өлкеге бару» атты көрме қойылған.

Саяхат бізді өзгертеді, бізге өсуге және дамуға көмектеседі. Жер шарындағы жаңа белгісіз жерлердің алғашқы ашушысы бола алмайтын жер бетінде бірде-бір адам жоқ.

Көрме оқырмандарға осы тақырып бойынша бұрыннан жазылған, бірақ уақыт өте келе өзінің көркем құндылығын жоғалтпаған тамаша кітаптар туралы еске салады. Ұсынылған кітаптар ұлы саяхатшы-зерттеушілердің өмірі, олардың батырлығы мен мақсатшылдығы, тағдырлары және адал, мейірімді, еңбекқор болуға итермелейтін адами қарым-қатынасы туралы баяндайды.

Экспозицияда Илья Ильф пен Евгений Петровтың «Одноэтажная Америка», Владимир Обручевтің «Земля Санникова», Жюль Верннің «Дети капитана Гранта», Даниель Дефоның «Приключения Робинзона Крузо», Роберт Льюис Стивенсонның «Остров сокровищ» және басқа да көптеген танымал жазушылардың көркем туындылары, соның ішінде әр уақытта экранға шыққан заманауи авторлардың бестселлерлері бар.

Барлық тілек білдірушілерді көрмемен танысуға шақырамыз.

Саяхат туралы кітаптармен - бүкіл әлем сіздің қолыңызда!


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ