2 сәуірде кітапхананың жиналыс залында «Рябинушка» музыкалық клубының концерті өтті. Л. М. Сергазина жетекшілік ететін ұжым тыңдаушыларды жалпы жұрт білетін және сүйетін әндерді орындауымен қуантты, ал концертке келгендер өздері білетін әндеріне қосылып отырды. Қонақтар концерттік бағдарламаның барлық қатысушыларын қошеметпен қарсы алып отырды. Көңілді де әдемі әндер, сондай-ақ сәнді киімдер көрермендердің көңілін көтеріп, ұмытылмас әсер қалдырды.