Үстіміздегі жылдың ақпанынан бастап тамызына дейін Әмбебап оқу залында Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы мәдени-гуманитарлық және өңіраралық ынтымақтастыққа арналған кітап көрмесі жұмыс істейді.
Көрмеге қойылған әдебиеттерде бауырлас екі халық арасындағы сауда-экономикалық, тарихи және мәдени байланыстар көрсетілген, қазақ және әзірбайжан халықтарының салтын, дәстүрін, ғұрпын зерттеу бойынша ақпараттық-библиографиялық материалдар келтірілген. Көрмеде Әзірбайжанның белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері туралы ақпаратпен танысуға болады.
Сіздерді көрмемізде күтеміз.