2018 жылдың 23 қарашасында Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК ұжымында Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының басты бағыттарын түсіндіруге және талқылауға арналған отырыс өтті.
Мақаланың мәнін түсіндіру үшін ұйымдастыруды қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі А. Д. Жарқынғұлова, Толықтыру, құжаттарды өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімінің сектор меңгерушісі Е. А. Южина, өлкетану әдебиеттері бөлімінің көрме-бұқаралық жұмыстар секторының меңгерушісі А. А. Базарбай, негізгі қорды сақтау бөлімінің меңгерушісі Л. В. Меланчук, ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің библиографы Ж. С. Нам сөз алды.
Сөз алғандар өз баяндамаларында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының маңыздылығын атап өтті және кітапханашыларды бағдарламаны тұрғындарға түсіндіру жұмысын жүргізуге шақырды.