14 қарашада Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК қонақжайында орыстың атақты жазушысы И. С. Тургеневтің 200 жылдығына арналған кеш өтті. Ұйымдастырушылар оны пікір алмасу, ой бөлісу түрінде өткізуді ұсынды. Кешке А. Байтұрсынов ат. ҚМУ оқытушысы Д. А. Качеев, қоғам қайраткері А. С. Денисов, педагог, белсенді оқырман С. П. Багдасарова, қаланың шығармашылық қауымының өкілдері және қаланың оқу орындарының студенттері шақырылды. Кешке қатысқан кез келген адам өз ойын айтуға мүмкіндік алды. Жүргізушінің қызығушылықпен айтқан мол мәліметті әңгімесі И. С. Тургеневтің шығармалары бойынша көрсетілген шағын бейнесюжеттермен кезектесіп отырды. Жазушы шығармашылығындағы махаббат тақырыбы, әсіресе оның авторлық стилі мен идеялық ізденістері біршама қызу талқыланды. Барлық қатысушылар кештің жақсы ұйымдастырылғанын және әңгіменің мазмұнды ғана емес, сондай-ақ тартымды да болғанын атап өтті.