Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған дойбы сайысының қорытындысы
17.08.2018

Профессор, ардагерлер арасындағы дойбыдан Қазақстан чемпионы  (классика және рапид) Юрий Яковлевич Бондаренконың жетекшілік етуімен Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК дойбыдан сайыс өтті. Шара «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ қолдауымен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай ұйымдастырылды.

Сайысқа еңбек ардагерлері, кітапхананың оқырмандары мен қызметкерлері қатысты. Тартысты та қызықты өткен сайысқа қатысқан 13 адам жүлделі орындар үшін бақ сынады. Өткізілген партиялардың нәтижесі бойынша ерлер арасында 1-ші орынды Ю.Бондаренко, 2-ші орынды О.Квиквина, 3-ші орынды А.Биғалиев иеленді. Сайысқа қатысқан әйелдер арасында жүлделі орындар келесідей болды: 1-ші орын – Г.Шоканова, 2-ші орын – К.Ахметчина, 3-ші орын – А.Базарбай жәнеШ.Сандыбаева. Нашар көретіндер тобында Ж.Есенжолов көш бастаса, ардагерлер арасынан И.Козьма озып шықты.

Барлығы 20 партия ойналды. Сайысқа қатысушылар құрмет грамоталарымен марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ