1934 жылы 5 мамырда Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Лоба ауылында туған. 1948 жылы жеті жылдық Үлгілі мектебін бітірді. 1951 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне түсіп, 1956 жылы аяқтап шықты. «Жас алаш», («Лениншіл жас»), «Жаңа өмір», «Қостанай таңы» газеттерінде жұмыс істеді. 1982 жылдан 1986 жылға дейін Қостанай облысы мәдениет басқармасы жүйесінде қызмет атқарды. Осы жылдары ол облыс ақындарын дайындауда елеулі шығармашылық жұмыстар істеді. 1982–1994 жж. аралығында Б. Майлин ат. облыстық әдебиет бірлестігінде қазақ поэзиясы бөлімін басқарды. Облыстық халық шығармашылығы ғылыми-әдістемелік орталығында және мәдени ағарту жұмыстарында қызмет істеген жылдары екі тілде жазылған облыстың ең үздік мәдени ағарту мекемелері мен көркемөнер ұйымдарының тәжірибелерімен таныстырған отыздан астам бүктемелер мен плакаттар шығарылды. Ж. Баязид өлең жазуды студенттік жылдардан бастады. Ақын қаламынан дастандар, балладалар және басқа да ақындық шығармалар өмірге келді. Жолбарыс Баязид –Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі.
«Қостанай қаласының Құрметті азаматы» атағы 12 мая 2004 жылы берілді.
Шынымен дүние жалғансың, Ақиқат емес, армансың! : Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі, ақын Жолбарыс қажы Баязидтің 80 жылдық мерейтойына : биобиблиографиялық құрал / құрастырушы Ә. Қ. Сәлібаева; редактор Б. Б. Сейітова ; шығарылымға жауапты Г. Г. Қазина. - Қостанай, 2014. - 130 б
