Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Көркем аудармадағы жаңа атаулар

81.632.4-7

Қ77

Құрманбайұлы, Ш.

   Көркем аудармадағы жаңа атаулар [Мәтін] : жасалуы мен қолданысы / Ш. Құрманбайұлы. - Астана : Фолиант, 2017. - 560 б.

 

Бұл еңбекте әлем әдебиеті жауһарларын қазақ тіліне аудару кезінде жасалып, қалыптасқан және көркем аудармаға ғылым тілі мен БАҚ тілінен енген жаңа атаулар мен қолданыстар арнайы жиналып, тілдік тұрғыдан зерттеліп отыр. Көркем аударманың жаңа атаулар мен қолданыстардың, әдеби тілге енуіне, нормалануына ықпалы, белгілі қаламгерлер мен кәсіби аудармашылардың сөз жасау, балама табу, сөз қолдану тәжірибесі жан-жақты талданады. Сондай-ақ кітаптың үшінші бөлімінде жаңа атаулар мен қолданыстардың орысша-қазақша, қазақша-орысша сөздігі мен лексикалық варианттардың жарыса жұмсалып жүрген нұсқаларының салыстырмалы кестесі берілді.

Бұл еңбекке енген атаулар Ө. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Ә. Кекілбаев сынды көрнекті ұлт зиялылары мен белгілі аудармашылар тәржімелеген Э. Хемингуэй, А. Камю, Р. Тагор, Г. Маркес, Ф. Мориак, Г. Белль, У. Фолкнер, Дж. Стейнбек, И. Бунин сияқты Нобель сыйлығының лауреаттарының, О. Бальзак, Г. Мопассан, В.Гюго, Дж. Лондон, О. Уайльд, П. Мериме, Л. Фейхтвангер, А. Кристи, Л. Толстой, А.Чехов, И. Тургенев тәрізді әлем және орыс классиктерінің еңбектерінен жинақталғанымен де құнды.

Ғылыми еңбек тіл-әдебиет мамандары мен оқытушыларға, аудармашылар мен журналистерге, филология факультеттерінің студенттері мен магистранттарына, сондай-ақ қазіргі қазақ тілі лексикасы дамуының жай-күйі, ерекшеліктері, бүгінгі сөзжасам, терминжасам үдерісі, аударма мәселелері қызықтыратын көпшілік қауымға арналған.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ