Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Күндерімнің куәсі

84(5Қаз)

Ж 69

Жолдасбеков, М.

    Күндерімнің куәсі [Мәтін] : [күнделіктер] / М. Жолдасбеков. – Астана: Фолиант, 2017. - 320 б.

 

Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, аса ірі түріктанушы, профессор Мыр- затай Жолдасбековтің күнделіктерін тәуелсіздік алғаннан бергі қазақ өмірінің айнасы десе де болады.

Автордың 1993-1996 жылдар арасын қамтитын күнделік жазбалары «Елшінің күнделігінен» деген атпен 1997 жылы «Ел тағдыры - ер тағдыры» дейтін кітабында жарияланған болатын. Одан кейін «Күндерімнің куәсі» (2007), «Күнделік сөйлейді» (2010), «Күндерімнің куәсі» (2012, екі том) дейтін күнделік кітаптары жарық көрді.

Қолыңыздағы «Күндерімнің куәсі» де - сол күнделіктердің жалғасы, 2012-2016 жылдар арасын қамтиды.

Күнделік кітаптарының бәрінде де автор ел тарихы, ел тағдыры, тәуелсіздік тағылымы, заман, қоғам, адам туралы; өмір, адамгершілік, кісілік туралы; жер, дін, тіл туралы терең тебіренеді, оқушысымен сырласады. Бұл күнделіктерді сонымен бірге Тәуелсіздігіміздің шежіресі десе де болады.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ