Алтын Орда дәуірі және қазақ фольклоры
82.3(5Қаз)
А 46
Алтын Орда дәуірі және қазақ фольклоры [Мәтін] : ұжымдық
моногр. / ҚР Ғылым және жоғары білім м-гі, М. О. Әуезов
атындағы әдебиет және өнер ин-ты ; [ред. алқасы: К. І.
Матыжанов [т. б.] ; жауапты ред. С. Сейілбек]. – Алматы : Evo
Press, 2024. – 343 б.
Бұл монографияда Кеңестік дәуірде жабық тақырыпқа айналған қазақ фольклорының Алтын Орда дәуіріндегі терең тарихи тамырлары тұңғыш рет кешенді түрде, жүйелі ғылыми зерттеу нысанына айналған. Жошы Ұлысы дәуірінде бір тудың астына бірігіп, әлемге әйгілі империя болған түркі халықтарының «Ұлы Ұлысының» рухани әлемі де ерекше бай, кемел мәдениетке жеткен өзінше өркениет. Міне, осы дәуірдегі фольклорлық мұраның бай мазмұны мен жанрлық құрамы, әсіресе, сол уақытта жоғары көркемдік деңгейге көтерілген эпикалық жанрдың тегі, даму кезеңдері, типологиясы, тарихи шындық көріністері тереңдей қарастырылады. Аңыздар мен әпсаналар, батырлар жыры, лиро-эпос, тари¬хи, діни, ғашықтық дастандар, «Қырымның қырық батыры» сияқты тұтастанған (циклді) эпостық жырлар жаңаша сараланады. Зерттеу барысында қолжазба қорларындағы деректер, отандық және алыс-жақын шетелде жарық көрген еңбектер кеңінен пайдаланылған.
Кітап гуманитарлық ғылым саласының мамандарына, сондай-ақ ЖОО магистранттары мен PhD докторанттарына және ұлт мұрасына жанашыр көпшілік қауымға арналған.