Батырлық жыр дастандар
82.3(5Қаз)
Б 27
Батырлық жыр дастандар [Мәтін] / [баспа директоры А. Елгезек]. – Алматы : Abai baspasy, 2024. – 403 б.
Батырлар жыры – өр халықтың тарихындағы елеулі кезеңдерді жырлайтын, идеялық мазмұны терең, көркемдік дәрежесі жоғары халықтық шығармалар. Батырлық жырлар тарихта болған шын оқиғадан өрбіп, оны жеткізушілер әртүрлі көлемде, әрқилы таным- талғам тұрғысынан жырлап, мезгіл өткен сайын толықтырып, жаңартып отырған. Бұл кітапқа қазақ халқының классикалық үлгідегі танымал эпостары «Алпамыс батыр» мен «Қобыланды батыр», «Қамбар батыр» және «Ер Тарғын» жырлары енгізілген. Туындылардың сюжетінде бағзы замандар дүниетанымы, наным-сенімдері бертіндегі эпостық дәстүрмен жымдаса өріліп, тамаша үйлесім тапқан.