Әуезов әлемі
83.3(5Қаз)6
Ә 82
Әуезов әлемі [Мәтін] : М. О. Әуезовтің 125 жыл толуына орай
дайындалған ұжымдық жинақ / [құраст. Е. Алаштуған ; идея
авторлары: Е. Алаштуған, Д. Қуат]. – Алматы : Abai baspasy, 2022. – 318 б. : сурет. – («Қазақ әдебиеті» газетінің кітапханасы).
«Әуезов әлемі» – ұлы қаламгердің туғанына 125 жыл толуына орай дайындалған ұжымдық жинақ. Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің асыл мұрасына арналған танымдық кітап – «Қазақ әдебиетінің» кітапханасы атты жаңа топтаманың тұңғыш томы.
Бас әдеби басылымның беттерінде кейінгі жылдары жарық көрген түрлі мақалалар мен толғамдар, сан алуан зерттеулер мен сырлы сұхбаттар, мерейтой қарсаңында атқарылған іс-шараларға қатысты шолулар мен сирек суреттер бұл баянды жобаның мазмұнын байытып, кітаптың көркемдігін арттыра түскені анық. Біртуар суреткердің тағдырлы туындысы «Хан Кененің» екі нұсқасының жинақ тарауларынан орын алғаны да талғампаз оқырманның ойынан шығарына бек сенімдіміз.