Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Кемел Тоқаев
83.3(5Қаз)6
Т 52
Кемел Тоқаев [Мәтін] : (Жазушы туралы) / [жобаның авторы – Б.
Т. Сарбалаев]. – Алматы : Ан Арыс, 2024. – 594, [3] б.


Қазақ көркемсөзінің көрнекті өкілі, детектив жанрының хас шебері Кемел Тоқаев өмірі мен шығармашылығын жаңа дәуір көзімен танып, талдауға арналған бұл кітап үш бөлімнен тұрады.
«Шеберлік шыңы» атты бірінші бөлімге Бақыт Сарбалаевтың көрнекті суреткер Кемел Тоқаевтың қазақ әдебиетіндегі тың сала – детектив жанрының негізін қалаушы әрі қалыптастырушы екенін нақты әрі терең талдауларға сүйене отырып, қаламгер табиғатын жан-жақты ашып көрсетер «Адалдықты аманаттап», «Бүгінге – дат, Болашаққа – хат» дейтін қос мақаласы топтастырылған.
Екінші бөлімге жазушының «Көшкен үйдің қонысы қайда?», «Түнде атылған оқ» повестері енгізілген.
«Тұлға тұғыры» атты үшінші бөлімде жазушы хақында әр жылдары жазылған көзкөрген замандас, қаламдастарының лебіздері мен пікірлері ұсынылып отыр.
Кітап көпшілік қауымға арналады.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ