Тоқтарбай, Е. Ілиястың Ресейдегі іздері... (1925–1928)
83.3(5Қаз)6
Т 53
Тоқтарбай, Е.
Ілиястың Ресейдегі іздері... (1925–1928) [Мәтін] : Ілияс
Жансүгірұлының өмірі мен шығармашылығы архив құжаттары
негізінде : биогр. миниатюра / Е. Тоқтарбай ; Қазақстан Жазушылар одағы. – Алматы : Дәуір, 2024. – 291, [2] б. : сурет.
«Ілиястың Ресейдегі іздері (1925–1928) Ілияс Жансүгірұлының өмірі мен шығармашылығы архив құжаттары негізінде» деген биографиялық миниатюра – жазушы, алаштанушы, әдебиеттанушы ғалым Елдос Тоқтарбайдың ілиястанудағы соны ізденісінің нәтижесі.
Кітапта ұлттың айтулы тұлғасы Ілияс Жансүгірұлының өмірі, шығармашылығы, қоғамдық-мәдени қызметі жан-жақты қарастырылып, теориялық тұрғыдан талданады. Зерттеу барысында оқырманға бұрын белгісіз архив құжаттары мен беймәлім деректер молынан қамтылған.
Кітап жалпы оқырман қауымға, әдебиет зерттеушілеріне, ЖОО-ның студенттері мен магистранттарына арналған.