Ихсан, А. Қазақтың Ер Едігесі
83.3(5Қаз)61
И 96
Ихсан, А.
Қазақтың Ер Едігесі [Мәтін] : Ғазымбек Бірімжанның өмірі
мен шығармашылығы : Қазақстан, Ресей, Өзбекстан елдерінің
архив, кітапхана, сирек қор негізінде тарихи-деректі,
танымдық эссе / А. Ихсан ; Қазақстан Жазушылар одағы. –
Алматы : Дәуір, 2024. – 268, [2] б. : сурет.
Алаштанушы ғалым Данияр Ихсанның кітабына Алаш қайраткері, агроном, көсемсөзші, қаламгер, шетелде оқыған алғашқы қазақтың бірі Ғазымбек Бірімжанның өмірі мен шығармашылығы арқау болған.
Тарихи-деректі, танымдық еңбекте бұрын-соңды ғылыми айналымға түспеген, Ресейдің Астрахан, Мәскеу, Орынбор қалаларының, Өзбекстанның архив, сирек қорларынан табылған тың құжаттар мен мәліметтер жан-жақты талданып, сараланған. Күрескер тұлғаның өмірі мен шығармашылығы жаңаша көзқарас тұрғысынан зерттеліп, талданған.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналады.