Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Дүние дүрмек

84(5Қаз)

Б 76

Боранбаев, Ж.

   Дүние дүрмек [Мәтін] : өлең-дастандар / Ж. Боранбаев. – Алматы : Жазушы, 2018. - 304 б.

 

Екі ғасыр - екі дәуір куәгері болған ақын Жарылқасын Боранбаев бұл күндері жетпіс жасқа толып отыр. Бұған дейін де оның «Жанартаулар», «Көктем тынысы», «Жаздың жылы жаңбыры», «Мәңгілік өмір», «Мазасыз маусым» т.б. жыр жинақтары мен «Бабай Түкті Шашты Әзиз», «Ысқак баб», «Қарабура». «Тарихи тұғыр», «Едіге», «Созақ көтерілісі», «Қара шаңырақ қалған жұрт», «Шығыс шайырларының соңы - Шәді ақын», «Тума талант - Саттар Ерубаевтың туғанына 100 жыл» т.б. тарихи-танымдық кітаптары жарық көрген. Елге кеңінен танымал «Қазақы дастарқаным», «Қоштасқым келмейді», «Сен екеуміз», «Неліктен» т.б. әндердің мәтінін жазған.

Ол Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметқері». 2011 жылы «Қазақстан» телеарнасы ұйымдастырған Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған электронды дауыс беру арқылы анықталған жыр мүшәйрасының жеңімпазы, 2014 жылы 7 мартта Астанада өткен «Мәңгілік Ел» мүшәйрасының арнаулы сыйлығының жүлдегері.

Бұл жинақта қаламгер еліміздің Тәуелсіздік алған жылдарындағы көңіл күйін бейнелейтін шығармаларымен қоса, қария көңіл көкжиегі- мен қарағандағы Уақыт, Тіршілік, Жаратушы, Ел-жұрт сияқты мәңгілік құбылыстар мен жаратылыстарға арналған ой-толғаулары және нәзік лирикалық өлендері берілген. Сондай-ақ, жинақта бұрын-соңғы аты көп аталмаған Созақ көтерілісінің сардары «Салықбай батыр» туралы толғауы да тәуелсіздік дәуіріндегі жаңаша көзқараспен жырланған. Жинаққа «Құлагердің қазасы» атты дастаны да енгізіліп отыр.

Кітап барлық оқырман қауымға арналған.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ