Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Қазақ афоризмдері

94.8

Қ 17

  Қазақ афоризмдері [Мәтін] : ақыл-ой антологиясы : бағзыдан - бүгінге дейін / [құраст. Е. Шаймерденұлы]. – Астана : Фолиант, 2017. - 312 б. : сурет.

Рухани жаңғыру

 

Қолыңыздағы кітап тарихи-философиялық зердеміздің көкжиегін кеңейте түсетін және ұлттық рухани болмысымызды тереңірек танып-білуге мүмкіндік беретін өзгеше энциклопедиялық жинақтар қатарына жатады. Философиялық хрестоматия ретінде пайдалануға болатын бұл туындының анасы әдебиет болса, атасы - ой. Көшпелілер ой мұхитының «құмдағы ізін» қармап, «сайдағы тасын» теру арқылы жиырма бес ғасырлық тарихи кезеңді көктей шолған ауқымды афористік антологияда қазақы фи­лософия және сөз өнерінің бірегей болмысы, өзгеше өрнегі мен терең мазмұны кең көрініс тапқан. 78 ой иесінің афористік толғамдары тақырып-тақырыпқа бөлініп, топтастырылып беріліп отыр. Оған мақал-мәтелдер, шешендік сөздер мен қара өлең үлгілері, халық жырлары мен жылнама жолдарынан, айтыстар мен ән мәтіндерінен теріліп алынған нақылдық орамдарды қосыңыз.

Тұңғыш рет қазақ афоризмдерінің бағзы замандардан бүгінге дейінгі әр алуан үлгілерін жинақтаған антология мәдениеттанушылар мен әдебиетшілерге, этнографтар мен философтарға, саясатшыларға, жалпы зиялылар мен студент жастарға, далалық өркениет болмысын барынша жан-жақты танып білгісі келетін һәм терең ой мен сұлу сөзге ынтық оқырманға арналған.



Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus