Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Абылай ханның қара жолы
63.3(5Қаз)
А 16
Абылай ханның қара жолы [Мәтін]. 3 бөлім : «Абылай ханның
қара жолы» экспедициясының «Қазақстанның Батыс өңірінің
ерлік, рухани, мәдени асыл қазыналарын» зерделеу және зерттеу деректері / [бас ред.: Е. А. Әбіл ; жауапты ред.: Ж. Н. Қалиев ;
құраст.: М. Ыдырысұлы]. – Көкшетау : [б. ж.], 2025. – 459 б. : сурет.


Ұсынылып отырған ғылыми-көпшілікке арналған басылымда «Абылай ханның қара жолы» экспедициясының «Қазақстанның Батыс өңірінің ерлік, рухани, мәдени асыл қазыналарын» зерделеу және зерттеу жұмысының қорытындылары, аймақта өмір сүрген әулиелер мен батырлардың және Алаш арыстарының өмір жолы мен ерліктері зерделенген. Сондай-ақ Ұлытау өңірі, Жошы ұлысы, Алтын Орда, Қазақ хандары Әз-Жәнібек, Әбілқайыр, Сұлтан Бейбарыс, Алаш арыстары Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Әлімхан Ермеков, Шәрәпи Әлжанов, қазақтың азаттығы жолында жанын қиған Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы, Кейкі батырлар, күй атасы Құрманғазы Сағырбаев, Дина Нұрпейісова, қазақтың тұңғыш дәрігері Аққағаз Досжанова туралы тың деректер топтастырылған.
Бұл тарихи-танымдық экспедиция зерттеулері мен тарихи тұлғалар туралы материалдар көпшілік қауымға арналған.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ