Снайдер, Р. Л. Сырты бүтін
88.56
С 56
Снайдер, Р. Л.
Сырты бүтін [Мәтін] : Үйдегі зорлық-зомбылық жабулы қазан
болмасын / Р. Л. Снайдер ; [ағылшын тілінен ауд. – Д. Мәзен, А.
Қуанышбекова ; ред. – Н. Қожабек]. – Алматы : Steppe&World, 2024. – 371 б.
Сырты бүтін кітабында журналист Рейчел Луиз Снайдер біз көріп жүрсек те, сырын білмейтін мәселенің тамырын жалаңаштап, астарына үңіледі. Үйдегі зорлық-зомбылық жайын баян еткен ауқымды әрі өзекті еңбегінде автор өмірде болған оқиғаларға сүйене отырып санамызға сіңген таптаурын пікірлер қате екенін дәлелдейді. Әдетте біз «жағдайы шынымен мүшкіл болса, жәбір көріп жүрген адам озбырдан кетіп қалар еді», «озбыр адам ешқашан өзгермейді», «әйелдерге арналған панажай – мәселені шешетін орын» дейміз, одан да сорақысы «үйдегі әлімжеттік – әр адамның жеке ісі, оны зомбылықтың басқа түрімен шатастыруға болмайды, қоғамдағы қылмыстан оны жеке қарау керек» дейміз. Құрбандар, қылмыскерлер, құқық қорғау мекемелері мен бүкіл елдегі реформа қозғалыстары әңгімелерін кітабына арқау еткен Рэйчел Снайдер жеке адам неліктен зорлық-зомбылық құрбаны болады деп, себебіне үңіледі, оның тұтас қоғамға әсерін зерттейді және мәселені дұрыс шешу жолын ұсынады.