Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Сарқытқан, Қ. Қазақстанда табысқа жет! Қаржылық сауаттылық және бизнес психологиясы
88.4
С 22
Сарқытқан, Қ.
Қазақстанда табысқа жет! Қаржылық сауаттылық және бизнес
психологиясы [Мәтін] / Қ. Сарқытқан. – Алматы : KEMEL KITAP,
2024. – 338 б.


Бұл кітап азаматтардың қаржылық сауаттылығы мен болашақ бизнесінің іргетасын қалауға айқын бағыт және көмек көрсететін еңбек. Ақша – өмірдегі ең басты құндылық емес, бірақ ол – өмір сүрудің, арман мен мақсатқа жетудің құралы. Оның көп-аздығы маңызды емес, оны дұрыс басқару маңызды. Біз жасап отырған дәуірде қаржылық сауаттылықтың болмауы хат танымайтын сауатсыздықпен бірдей жағдай. Ал бизнес жасау, табысты адам болу – тұнып тұрган психология мен философия.
Құрметті азамат, егер сіздің бойыңызда осы саладағы білім болмаса, нарықтық қатынастар қоғамында табысты тұлға болып қалыптаса алмайсыз. Алдымен өзіңізді таныңыз, басқа емес, кешегі өзіңізбен бүгінгі өзіңіз бәсекелессін. Адам бойындағы жақсыны алып, жаманынан қашыңыз. Өзіңізді үздіксіз дамытыңыз. Сізді дамытатын бір құндылық болса, осы кітаптан табасыз.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ