63.521(=632)
А 94
Ахметжанқызы, Л.
Дәстүр даналығы [Мәтін] : ғылыми-танымдық әдебиет / Л.
Ахметжанқызы. – Алматы : Дәуір, 2022. – 240 б.
Кітапта негізінен қазақ халқы үшін рухани құндылықтың бастауы болған салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың бүгінгі қоғамдағы рөлі мен маңыздылығы туралы айтылды. Шығармада бала тәрбиесінен бастап отбасылық, достық, ағайындық қарым-катынастың дұрыс қалыптасуына арқау болған қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары көрініс тапты. Айтулы этнографтардың жинақтары мен кітаптарын негізге алып, зерттеушілердің пікіріне сүйене отырып салт-дәстүрдің озық түрлерінің қазіргі заманда ұрпақ тәрбиесіне әсері, сондай-ақ қоғамда туындаған мәселелер мен оны шешу жолдары талданды. Жалпы қазақ дәстүрінен халықтың мінез-құлқын, болмысы мен дүниетанымын, мәдениетін, тілі мен дінін, өмір сүру жолын байқауға болады. Сондықтан жалпы қауымға ұлттың алтын діңгегі – салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптың құндылығын, тәрбиелік түп-тамырын, мәнін түсіндіру, дәріптеу мақсатында ұсынылған кітап.