Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Бәйдібек баба
63.3(5Қаз)
Б 32
Бәйдібек баба [Мәтін] : жинақ / [құраст. С. Дәуітұлы ; жоба авт. О. Ботбай]. – Алматы : Полиграфкомбинат, 2021. – 208 б.

Артына қаншама мол ұрпақ өрбіткен Бәйдібек баба жайлы кейінгі кездері көптеп жазыла бастады. Алайда әркім әр дәуірді меңзеп, ол кісінің өмір сүрген уақыты дұрыс анықталмады. Осы себепті тарихшылар мен жазушылар бір тоқтамға әлі келе алған жоқ. Біз құрастырған бұл еңбекте сол ала-құла пікірлердің бәрі болмаса да, біразы берілді. Мақсатымыз – оқырман қауымға әйгілі би жайында толығырақ мәлімет беру. Осы кітапқа еніп отырған материалдарға мұқият зер салсақ, Бәйдібек Қарашаұлының V-VI ғасырларда өмір сүргенін анық айтуға болатындай. Ол Кавказдан табылған тасқа қашалған жазудан, жатқан жерінен қазылып алынған теңгелерден байқалады. Сонымен бірге, ауызекі тараған аңыз әңгімелер де ойымызға дәлел.

«Бір үйдің баласындай, бес қолдың саласындай болыңдар» деп артына өсиет қалдырған бабамыздың сөзін күллі түркі халқына айтылған аталы сөз деп ұғып, тарихымыздағы алар орны ерекше тұлғаны лайықты дәрежеде ұлықтау – біздің міндетіміз.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ