Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Жәңгір хан

63.3(5Қаз)47

Б 76

Боранғалиұлы, Т. 
    Жәңгір хан [Текст] / Т. Боранғалиұлы. – Алматы : Абзал-Ай, 2020. – 448 б. 

 

Тарихнамадағы тұғырлы да таласты тұлға Жәңгір Бөкеевтің қазақ қоғамындағы алар орны негізінен өмірінің тек бір тұсымен – Исатай-Махамбет бастаған халық көтерілісімен байланысты айтылып-жазылады. Ал 22 жыл тақ иеленген кезіндегі қайраткерлігі мен өнегелі істері назардан шет қалады.

Кітапта өз ордасының іргесін бекемдеудегі Жәңгірдің жеке-дара күресі, Ресей патшаларымен, губернаторлармен қарым-қатынасы белгілі де беймәлім деректер арқылы ашып көрсетіледі. Жәңгір ханның ұлты үшін сіңірген еңбегі – тұңғыш мектеп ашу, жастарды Ресейде оқыту, астана салу, дәстүрлі заң ережелерін жазу оқиғалары тартымды әңгімеленеді.

Кітаптың құрылымы ғұмырнамалық тізбе емес, оқиғалық қатарға негізделген. Әбілқайыр – Нұралы – Бөкей – Жәңгір әулеттік жалғасы, отбасының, ұл-қызының тағдыры туралы сыр шертеді. I Александр, I Николай патшалармен, Гумбольдт, Қазымбек, Гебель сынды әйгілілермен таныстығы қызықты хикаялармен өрбиді. Тұлғаны соны қырынан танытуды мақсат еткен.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ