Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Өзгермелі әлем
26.0
Ө 26
Өзгермелі әлем [Мәтін] : Интербелсенді 3D-кітап / [Mozaik
Education]. – Алматы : Мектеп, 2024. – 64 б. : сурет. – (3D Click
n' LEARN ; 20 т.).


Click n'Learn сериясындағы кітаптар қоршаған әлеммен танысқысы келетін оқушыларға арналған. Егер көрнекі иллюстрациялы кітаптарды оқығанды ұнатсаң және оны смартфонды немесе планшетті пайдаланып көргің келсе, онда сен іздегеніңді таптың. Бұл сен үшін жасалған таптырмас кітаптар!
Біздің кітаптарымыздың көмегімен флора мен фаунаны зерделейсің, өткен дәуірлерде тіршілік еткен ағзалармен танысасың, адам ағзасының құрылысын түсінесің. Тарихи орындар мен ғимараттарда серуендейсің, жеңімпаздар жағында болып, ең әйгілі шайқастарға қатысасың, ұшу және кемемен жүзу тарихына тереңірек үңіліп, ғарышқа, жұлдыздар, ғаламшарлар мен галактикалар әлеміне саяхаттайсың.
Кітап беттеріндегі түрлі түсті графика мен қысқа мәтіндер сенің оқуыңды жеңілдетеді. Смартфон немесе планшет арқылы QR-кодты сканерлесең, зерттеп жатқан тақырыпқа байланысты қызықты ақпараты бар ЗD-көріністер ашылады.
Сен бұл кітаптан Жердің беті қалай қалыптасқанын біліп, жанар- таулардың қойнауына үңіле аласың және жер сілкіністері мен цунамидің қиратушы күші туралы оқисың. Кейбір ауа райы құбылыстарының ықпал етуін, сондай-ақ климаттық аймақтардың қалыптасу себептерін түсінесің.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ