Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Жасқа сай балалар физиологиясы

28.903я73

Ж 33

Жасқа сай балалар физиологиясы [Мәтін] : оқулық / [Қ. Дүйсембин  т. б.]. – 3-бас., өңд., толықт. – Алматы : Қазақ университеті, 2018. – 236 б.

 

Оқулықта балалардың өсуі, дене мүшелері қызметінің және жетілуінің зандылықтары жазылған. Мүшелердің қызметтерінің қалыптасып реттелу тетіктері жасқа сай мәлімденген. Сонымен қоса физиологияның жалпы және жеке мәселелері қазіргі заман жаңалықтары тұрғысынан қарастырылған. Ми бөлімдерінің өзара байланыстары мен үйлесімділігі және биологиялық ырғақтың негізі мен ағзаның қызметіне әсері жан-жақты талқыланған.

Адамзаттың пайда болып, өсіп, дамып, жетілу тарихы ұзақ болғанымен, біз әлі басқаларды қойып, өзімізді де толық білмейміз. Күнделікті көріп жүрген қарапайым ағзалар, өсімдіктер, жәндіктер мен жануарлар арасындағы ұқсастық әркімді қызықтырады. Бірақ сол ұқсастықтардың негізін әлі жете білмейміз, тіпті түсіндіре де алмаймыз. Дегенмен ғылымның дамуына, адамды зерттеу әдістемелерінің көбеюіне және олардың мүмкіндіктеріне байланысты ғасырдан ғасырға, жылдан жылға адам туралы мәлімет артуда. Сол мәліметтердің бәрін талдай келе, адамның жасына сай бәрімізге ортақ өзгерістер біршама анықталды. Бұл кітапта сол өзгерістерді заманауи ғылымда қалай талдап, адам туралы білім ретінде қалай жеткізетіні айтылады.

Оқулық университет, колледж, орта мектеп оқытушыларына, студенттер мен магистранттарға арналған.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ