Бекмұхамедов, Е. Б. Біз жазған тарих = История, написанная нами
63.3(5Каз-4Кос)
Б 42
Бекмұхамедов, Е. Б.
Біз жазған тарих = История, написанная нами [Текст] : Қамысты ауданы, 1955–2025 / Е. Б. Бекмұхамедов. – Костанай :
Издательский дом, 2025. – 351 с. : ил.
Кітап Қамысты ауданының 70 жылдық мерейтойының құрметіне арналды. Кітаптың әр бетінде – туған өлкеге деген сүйіспеншілік, тарихқа құрмет, ел мен жер үшін аянбай тер төккен жандарға деген тағзым жатыр. Мұнда архив құжаттары, көнекөз қариялардың жүрекжарды естеліктері, егістік пен мал шаруашылығында, мекемелер мен кәсіпорындарда адал еңбек еткен азаматтардың өмір жолдары мен сіңірген еңбектері баяндалады. Олар – туған өлкенің өркендеуіне зор үлес қосқан, есімі ел есінде сақталған, еңбегімен елге танылған ардақты тұлғалар.
Ауданның қалыптасуы мен даму кезеңдерін сипаттауда Қостанай және Ақтөбе облыстық мемлекеттік архивтерінің, сондай-ақ Денисов, Жітіқара және Қамысты аудандық архивтерінің құнды деректері негізге алынды.
Кітаптың жарық көруіне Қамысты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық кітапхана, Тілдерді оқыту орталығы мен аудандық мемлекеттік архив ұжымдары бірлесіп атсалысты. Олар өткеннің өнегесін бүгінге жеткізіп, болашаққа аманат ету жолында қажырлы еңбек етті.
Книга посвящена 70-летию образования Камыстинского района. В ней представлены архивные материалы, воспоминания старожилов, сведения о славных тружениках полей и ферм, трудовых коллективах предприятий и учреждений района – о тех, кто внес и вносит лепту в развитие родного края. В книге использованы материалы Костанайского и Актюбинского областных государственных архивов, а также Денисовского, Житикаринского и Камыстинского районных архивов.
В подготовке материалов данной книги принимали участие коллективы отдела культуры и развития языков Камыстинского района, районной библиотеки, Центра обучения языков, районного государственного архива.