«Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми
кітапханасы» КММ өлкетану әдебиеттері бөлімі Қазақстанның Еңбек Ері, қазіргі
кездегі қазақстандықтардың танымал тұлғаларының бірі, «Қарасу» СӨК» ЖШС бас директоры Алмат
Жанәбілұлы Тұрсыновқа арналған библиографиялық әдебиет көрсеткішін дайындады.
Қазақстан Республикасының
экономикалық, әлеуметтік және гуманитарлық саласының дамуына қосқан зор үлесі
үшін Алмат Жанәбілұлына 2016 жылдың 06 желтоқсанында республиканың ерекше
айырықшалау белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, ерекше
айырықшалау белгісі болып табылатын «Алтын жұлдыз» бен «Отан» ордені табыс
етілді. Ірі ауыл шаруашылығы компаниясының жетекшісі Қостанай облысының
төртінші және Қарасу ауданының бірінші Еңбек Ері атанды.
2017 жылы Алмат Тұрсынов
Қостанай облысынан республикалық «Қазақстанның
100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы болды.
Көрсеткішке Л. Н. Толстой
ат. ОӘҒК кітап қорынан алынған кітаби дереккөздер мен мерзімді басылымнан алынған
мақалалар енгізілген. Материалдар
қазақ және орыс тілдерінде берілген. Өмірі мен шығармашылығы жайындағы кітаптар
мен мақалалар «Қостанай облысы: тарих, адамдар, оқиғалар» толық мәтінді
деректер базасында көрсетілген. |