Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Қазақ әдебиетінің кітапханасы
16.03.2018

Абонементтер бөлімінде рухани мұраны насихаттау мақсатында «Қазақ әдебиетінің кітапханасы» атты бірегей кітаптар сериясы қойылған кітап көрмесі ұйымдастырылды. 100 томдық серия Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың бастамасы бойынша жасалған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында шығарылады.

Сериядағы кітаптардың тізімін М. О. Әуезов ат. әдебиет және өнер институтының ғылыми кеңесі бекіткен. Кітаптарды қазақ тілінен орыс тіліне аударумен отандық аудармашылар айналысады. Қазіргі кезге дейін Абай,  Ш. Құдайбердіұлы, Ж. Жабаев, М. Әуезов, Б. Майлин, М. Жұмабаев, С. Мұқанов, С. Мұратбеков, Ш. Мұртаза, С. Елубаев, Ә. Кекілбаев, Ә. Тарази, М. Шаханов, Г. Бельгер, Ж. Молдағалиев, Т. Ахтанов, Б. Қанапиянов секілді қазақ әдебиеті классиктерінің және т.б. шығармалары аударылды.

Кітаптардың мұқабаларын безендіру үшін қазіргі кездегі суретшілердің суреттері пайдаланылған. Аталған серияның көптеген шығармалары мектептер мен ЖОО оқытылатын, аттары аталған жазушылар мен ақындардың шығармашылығын қастерлеуші көптеген оқырмандар оқып жүрген шығармалар.

Кітап көрмесі 2018 жылдың 6 сәуіріне дейін жұмыс істейтін болады. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus