Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Наше время» мерейгер газеті
05.02.2018

Негізгі қорды сақтау бөлімі Денисов ауданының «Наше время» мерейгер газетіне арналған «Газет – уақыт айнасы» бүктемесін дайындады.   2018 жылы аудандық газетке 80 жыл толды.

1937 жылы орталығы Денисов кенті болып бекітілген Денисов ауданы Жітіқара ауданының құрамынан шығарылады. 1938 жылдың қаңтарында орыс тіліндегі «Социалистическое строительство» газеті құрылады. Газеттің бірінші редакторы болып Т.Е.Бенда тағайындалды, ал 1938 жылдың наурыз айынан бастап газеттің редакторы болып А.Т.Волошин бекітіледі. Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері және соғыстан кейінгі алғашқы жылдары газеттің редакторы К.А.Чурсинов болды.

Газет 1963 жылдың мамырынан бастап «Знамя труда» деген атпен шыға бастады. Осы жылдары газет тұрғындардың қолдауына ие болып, беделі арта түсті. Бас  редактор А.М.Глобаның жетекшілік етуімен газет бетінде аудан өмірінің жетістіктері мен қайшылықтары қатар көрініс берді, талдау және азаматтық ұстанымдарына негізделген, мәселе көтерген және нақты сын айтылған материалдар жариялана бастады. 

2003 ж. газет атын «Наше время» деп өзгертеді. Ол өз заманының азаматтары жайлы әңгімелейді, шешуін күткен мәселелерді көтереді, білікті кеңестер береді, кемшіліктерді көрсетеді, құттықтайды және түрлі өнімдерді жарнамалайды.  

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus