Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ұлы балет тарихы: «Аққулар көлі» П. И. Чайковский балетінің қойылғанына 140 жыл
03.03.2017

Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК өнер туралы әдебиеттер бөлімі өзінің достары мен барлық тілек білдірушілерді «Ұлы балет тарихы: «Аққулар көлі» безендірілмелі кітап көрмесіне шақырады. Көрме композитор П.И.Чайковский балетінің қойылғанына 140 жыл толуына арналған және Халықаралық театр күніне (27 наурыз) орайластырылған. 

Қазіргі таңда әлемдегі ең танымал балеттердің бірі болып табылатынына қарамастан «Аққулар көлінің» 1877 жылғы Мәскеудегі алғашқы қойылымы аса сәтсіз шықты. Юлиус Рейзенгердің өзіндік хореографиясы сыншыларға да, көрермендерге де ұнамады. Балетке музыка жазған Чайковскийдің өзінің аталған шығармаға көңілі толмады.    

1895 жылы, композитор қайтыс болғаннан кейін балеттің драматургиясы мен музыкасы қайта өңделіп, мүлдем жаңаша қойылды.   Мариус Петипа «Аққулар көлі» үшін әлі күнге көрермендердің көңілін көтеріп келе жатқан жаңа хореография ойлап тапты. Бірінші қойылымда қара және ақ аққуды түрлі бишілер орындаған болса, М.Петипа екі рольді бір балеринаға беруді ұсынды.

Көрмеге кітаптар, газеттер мен журналдардан алынған мақалалар, сондай-ақ баршаға белгілі балеттің партитурасы мен дыбыстық жазбалары қойылған. Бұл материалдар оқырмандардың балеттің жасалу тарихын білуіне, Одетта-Одилия мен ханзада Зигфрид партияларының негізгі орындаушыларының шығармашылығымен танысуларына мүмкіндік береді.  Айтпақшы, Зигфрид ролін орындаушылардың бірі қазақ бишісі Рамазан Бапов болды. «Рандеву» журналының 2014 жылғы №4 санында шыққан А.Мусинаның мақаласы Р.Баповтың шығармашылығына арналған.

«Ұлы балет тарихы: «Аққулар көлі» кітап көрмесі 7 сәуірге дейін жұмыс істейтін болады. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus