Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Қостанайлық суретші Нина Олексюктің «Қиялдан туған туындылар» көрмесінің ашылуы
08.12.2015

3 желтоқсан күні кітапхана фойесінде Қостанайлық талантты жас суретші Нина Олексюктің өткен «Қиялдан туған туындылар» атты алғашқы жеке көрмесінің ашылуы болды.Бұл экспозицияға қойылған суреттер ең алдымен автордың қиялының кеңдігін көрсетеді. Күнделікті өмірде кездесе бермейтін бейнелер қиял мен ертегіге тән түрлерімен шындықты толықтыра түседі.  

Оның бұл ерекшелігін көрменің ашылуына келген қонақтар, достары мен суретші әріптестері – Г.М. Соков, А.И. Суслова, Т.В. Кузменкова, С.И. Шалунова, Ю.Я. Бондаренко, А.С. Денисов және т.б. да байқады. Зал келушілерге толып кетті. Көрменің ашылуына танымал суретшілермен бірге жас талаптардың да келуі көңілге қуаныш ұялатты. Себебі ол кәсіпқой суретші ғана емес, Никифоров ат. сурет мектебінің оқытушысы да. Кезінде осы мектеп өміріне жол сілтеп, өнерді сүюіне ықпал еткен болатын. Одан кейін сурет пен кескіндемеден белгілі суретші Г.М.Соков сабақ берген Қостанай педагогикалық колледжінде оқыды, мультипликация студиясында, компьютерлік ойындар жасаумен айналысқан фирмада жұмыс істеді, қостанайлық ақын А.И.Суслованың кітаптарын және т.б. безендірді.

Сондықтан да оның жұмыстары түрлі техникада және жанрда: кесіндеме (акрил, гуашь), графика (қарындаш, гельді қалам, гуашь, компьютерлік графика) және аппликацияда орындалған. Экспозицияда пейзаж, портрет, жанрлық сурет, кітап пен журналдың безендіруі, компьютерлік ойындардың эскиздері де кездеседі.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus