Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Педагог. Тарихшы. Өлкетанушы.
12.10.2015

Кез келген қоғам, кез келген ел өзінің ғалымдарының болуын қажет етеді.  Біліммен және тәжірибемен қаруланған олар халықтың, қоғамның игілігі үшін қызмет етеді. Биыл 80 жылдығы аталып өтілген тарих ғылымдарының кандидаты, АБайтұрсынов ат. сыйлықтың лауреаты, Қостанай қаласының құрметті азаматы, Қостанай меценаттар клубының «Мәдени мұра» номинациясы сыйлығының лауреаты, Қостанай қаласы мен Қостанай облысы жайындағы кітаптардың авторы Иван Кондратьевич Терновой дәл осындай ғалым болып табылады.

09.10 күні «Оқымыстылар ортамызда» клубының отырысы аясында мерейтой иесін құттықтау үшін қонақжайға қала ғалымдары: заң ғылымдарының кандидаты Л.Мацупа, философия ғылымдарының кандидаты Ю. Бондаренко,  тарих ғылымдарының кандидаттары С. Самаркин, Д. Легкий, В.Тихановский, жазушы-өлкетанушы А.Каратаев, Қостанай облысының мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері, қаланың оқу орындарының оқытушылары мен студенттері жиналды.   

Иван Кондратьевич жиналғандарды «Педагог. Тарихшы. Өлкетанушы» тақырыптық сөресіне қойылған әр кітаптың жазылу, басылып шығу тарихымен жан-жақты таныстырып өтті. Жазушының қызметтестері, әріптестері, мерейтой иесінің шәкірттері бірлескен ұжымдық жұмыстарды атқару кезіндегі оның еңбек сүйгіштігі мен ұйымдастырушылық еңбегін атап өтті. Қызықты да ашық және шынайы әңгіме болды.

Кездесуді жүргізген кітапханашы Н.Штанько Иван Кондратьевич кітабының сұранысқа ие екендігін, туған өлкесінің тарихын білуге ұмтылып жүрген кітапхана оқырмандарының оларды үнемі оқып жүретіндерін жеткізді.

Иван Кондратьевич кездесу соңында тарихтың баяғыда болып кеткен, енді қайтып келмейтін оқиға еместігін, оның жалғаса беретіндігін, біздің әрқайсымыздың оған қатысушы және оны жасаушы екенімізді атап өтті.   

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus