Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| Ашық дәріс 28.05.2015 | 28 мамыр күні қонақжайда «Оқымыстылар ортамызда» клубы аясында тарих ғылымдарының докторы, А.Байтұрсынов ат. ҚМУ профессоры Дмитрий Максимович Легкийдің Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған ашық дәрісі болды. Кездесуге қаланың белгілі ғалымдары И.К. Терновой, Я.К.Духин, А.Б.Шалгимбеков, П.С.Шаблей, А.В. Тарасенко, отставкадағы подполковник А.В. Каратаев, ақын Н.Ф.Кочин, Қостанай облысы мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері, ҚМПИ мұражай және мұрағат істері факультетінің студенттері, белсенді оқырмандар, қала кітапханашылары қатысты. Келушілердің назарына кітпхана қорларынан алынып, 50 астам дереккөздер қойылған «Қан жүректі қайғылым» кітап көрмесі ұсынылды. Дмитрий Максимович террор дәуіріне шолу жасап, «ату қабырғасы» мен өңіріміздің тарихына қатысты басқа да фактілерге кеңінен тоқталды. Тарихшылар арасында 30-шы жылдары орын алған осы бір оқиғаның себептері мен аталған тақырып бойынша жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстарының әдістері жайында пікірталас болды. | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|