Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Пока память жива» жобасына қатысушылармен кездесу
28.04.2015
Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған «Ұмытылмас ерліктер мен өшпес даңқ» атты кітап онкүндігі 28.04 РТРК АҚ Қостанай филиалының «Пока память жива» жобасына қатысушылармен болған кездесумен жалғасты.
Қатысушылардың назарына «Ұлы жылдар ұрпақ жадында» кітап көрмесі, Георгий Шаповаловтың «Талайды толғандырған оқиғалар» фотокөрмесі ұсынылды.
Кездесу Ұлы Отан соғысы жылдары опат болғандарды еске алуға арналған бір минуттық үнсіздікпен басталды. Қатысушылардың ішінде қадірлі ардагерлер Маманов Қажы Құснетұлы, Надырбаев Данил Айтмұханұлы, тыл еңбеккері Наумова Татьяна Федоровна болды. Олардың майданда және еңбекте көргендерін туған жерге адалдық тұрғысынан әңгімелеуі шараға келген жастар үшін патриоттық сабақ болды. Барлығына естелік сыйлықтар табыс етілді.
Облыстық кітапхананың қорларында ұқыпты сақталып келе жатқан облыстық «Сталиндік жол» газеті туралы түсірілген «Жорыққа шақырған газет жолдары» бейнеролигі көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды.
Жобаның бастамашысы, облыстық «Қазақстан-Қостанай» телерадиокомпаниясының журналисі Анастасия Хвалина жобаның қалай дүниеге келгені, оған қанша баланың қатысқаны жайында айтып берді. Олардың кейбіреулері – «Озат» дарынды балалар мектебінің, Мичурин, Затобол мектептерінің, № 5А, 23 ОМ, физика-математика лицейінің оқушылары өздерінің ата-бабаларының тарихы жайында айтып берді. Мичурин ОМ өкілдері көрермендерді өздерінің «Ұлысы мақтаныш еткен ұлдар» жобаларымен таныстырса, № 23 ОМ 7 «А» сынып оқушысы Юлия Шевнина мектеп теледидары дайындаған өзінің бабасы жайындағы бейнефильмді ұсынды. Барлық сөз сөйлеген балалар өздерінің бабаларының даңқты істерін мақтан тұтатындарын атап өтісіп, ардагерлерге майдандағы көзсіз ерліктері үшін, бейбіт кезеңдегі тынымсыз еңбектері үшін, сарқылмас кемеңгерлігі және өмірге деген құштарлықтары үшін алғыстарын білдірісті.
Шара аға буын өкілдерінің өткен өмір жайындағы оқиғаларды әңгімелеп отыратын болса және балалар бұл туралы айтып жүрген болса өткеніміздің ешқашан өшпейтінін тағы бір көрсетіп берді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus