Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Қазақстан тарихының таны- мал зерттеушісі Аманжол Күзембайұлының 70 жасқа толуына арналған жеке әдебиет көрсеткіш дайындады.
24.04.2015
Л. Н. Толстой атындағы облыстық кітапхана Қазақстан тарихының таны- мал зерттеушісі Аманжол Күзембайұлының 70 жасқа толуына арналған жеке әдебиет көрсеткішін дайындады.
Аманжол Күзембайұлы – тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі. Қазақ КСР халыққа білім беру ісінің үздігі, ғылымды дамытуға қосқан ерекше еңбегі үшін төсбелгімен марапатталған. Кеңес дәуіріне дейінгі Қазақстан тарихы саласының көрнекті маманы. Өңір халқына тарихты танытуда тынымсыз еңбек етіп келеді. Солтүстік Қазақстандағы республикамыздың этнополитикалық тарихы жөніндегі ғылыми мектепті ұйымдастырушы және жетекшісі. Қазақстан археологиясы, этнологиясы және тарихы бойынша 300 астам ғылыми жұмыстың авторы. .
Көрсеткішке кітаптар, кітаптардан, журналдар мен газеттерден алынған мақалалар енгізілген және олар 1997 жылдан 2015 жылдар аралығындағы материалдарды қамтиды.
Көрсеткіштегі материалдар қазақ және орыс тілдерінде берілген.
Көрсеткіш Л. Н. Толстой атындағы ОӘҒК кітап қорының негізінде құрас тырылды.
Көрсеткіш оқытушыларға, ғылыми қызметкерлерге, тарих факультетінің студенттеріне, сондай-ақ көпшілік оқырманға арналған.
Көрсеткіш туралы ақпарат www.kstounb.kz сайтында орналастырылған
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus