Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Жазбаша тілді дамытудың тиімді жолдары» семинары
27.03.2015
Білім беру бағдарламалары түлектерімен атқарылатын жұмыстарды жалғастыру аясында 27 наурыз күні Америка бұрышында Қостанай ауданы орта мектептерінің ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған «Жазбаша тілді дамытудың тиімді жолдары» семинары болып өтті (33 адам қатысты).
Британ кеңесінің нұсқаушысы Н.Шандецкаяның «Сыныбыңыздағы дұрыс жазу» тақырыбы бойынша жасаған баяндамасы семинардың маңыздылығын арттыра түсті.
Қатысушылардың назарына үстіміздегі жылдың басымдық берілген бағыттарына (Қазақ хандығының 550 жылдығы, Жыл кітабы болған І.Есенберлиннің «Көшпенділер» кітабы жайында ақпарат) көбірек көңіл бөлінген «Қазақстан: ұлы мақсаттарға жеткізер бірлік пен келісім» көрмесіне шолу ұсынылды. Шолу барысында сондай-ақ Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы, ҚР Конституциясының 20 жылдығы секілді басқа да саяси маңызды оқиғаларға шолу жасалынды (13 басылым қойылып, 42 дана қаралды).
АБ үйлестірушісі білім алушылардың жазу дағдыларын қалыптастыру бойынша жинақталған оқу-әдістемелік әдебиетке шолу жасады (40 дана қойылып, 135 дана қаралды, 5 данасы қолға берілді).
Семинар соңында «Туған жер - Родная земля» көрмесі бойынша экскурсия өткізілді.
Семинарға түрлі ұлт өкілдері қатысқандықтан «Пайдаланушылардың ұлттық мәдениетке деген қажеттіліктері» әлеуметтік зерттеуі аясында қатысушылардың арасында сауалнама жүргізіліп, нәтижесі талдау жасау үшін КДБ берілді (30 сауалнама).
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus