Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Гендерлік теңдік: артықшылықтан арылу
05.03.2020

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында кітапханада «Гендерлік теңдік: артықшылықтан арылу» атты көпшілік дәріс өтті. Шара Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі отбасы және гендерлік саясат тұжырымдамасын жүзеге асыруға арналды.

Шараға кәсіпкер, «Қостанай облысының іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ басқармасының мүшесі Әлия Шалпенеева, А. Байтұрсынов ат. ҚМУ психология және педагогика кафедрасының профессоры, Аналар кеңесінің төрайымы Лилия Саркисян, Өңірлік психологиялық қолдау және қосымша білім орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, философия докторы, жоғары санатты психолог Елена Петренко қатысты.

Әлия Тоғызаққызы өз сөзінде қазіргі кезде әйелдердің кәсіпкерлігін дамыту үшін барлық қажетті жағдайдың жасалғанын және қазақстандық әйелдер кіші және орта бизнесте көш басында келе жатқанын атап өтті.

Лилия Вагановна гендерлік стратегияны жүзеге асыру жылдары ішінде некеде тұрған ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту бойынша оң өзгерістерге қол жеткізілгеніне көңіл аударды.

Елена Александровна әйелдердің саясатқа көптеп араласа бастағаны туралы және олардың мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуына қосып жатқан үлесі туралы туралы айтып берді.

Қонақтардың барлығы әйелдердің мүддесін қорғау, отбасының және гендерлік теңдік мәселесін көтеру Қазақстанның мемлекеттік саясатының маңызды бағыттарының бірі болып табылады дегенге бірауыздан келісті. Тақырыптық кітап көрмесіне жасалған қысқа шолу қатысушылар мен көрермендердің үлкен қызығушылығын тудырды.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ