Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Даналар жолы – халық мұрасы»
27.02.2020

Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы жұмысын жалғастырды. Акцияның басты мақсаты – қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын көтеру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуына көмектесу.

2020 жылы жалпы халықтық оқу үшін екі шығарма – Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы мен Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы таңдап алынды.

Осы оқиғаға орай 2020 жылдың 26 ақпанында Әмбебап оқу залында «Даналар жолы – халық мұрасы» кітап көрмесі безендірілді.

Көрменің ортасына екі бөлім – «Мұхтар Әуезов және Абай әлемі» және «Ғалым өміріне саяхат жасаған қаламгер» орналастырылған, оларға аталған шығармалар, авторлардың өмірлері мен шығармашылығына арналған кітаптар, олар жайындағы қызықты мақалалар: «Мұхтар Әуезов туралы естеліктер», «Әлем таныған Әнуар. Признанный миром Ануар», «Мен білетін Әуезов» және т. б. қойылған.

«Әдебиет және дәуір» бөлімі оқырмандарды осы екі тамаша шығармамен, сондай-ақ қазақ әдебиетінің тарихы жайындағы кітаптармен таныстыруды жалғастырады.

Алдыңғы жылдардың акцияларына қатысқан шығармалар қойылған «Ұлы дәуір ұлағаты» бөлімі де көңіл бөлуге тұрарлық.

Көрме өз оқырмандарын жыл бойы қуантатын болады.

 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus