Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Жемқорлық қазіргі кездің жаһандық мәселесі»
18.02.2020

Жемқорлық тақырыбы Қазақстан халқы үнемі назарда ұстайтын тақырыптардың бірі. Жемқорлықтың мемлекет пен қоғамға қатер төндіруші құбылыс ретіндегі негізгі қаупі оның мемлекеттік құрылымның негіздері мен қоғам өмірін құқықтық реттеудің конституциялық негіздерін бүлдіре алуы болып табылады.

Әмбебап оқу залында халықтың жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Жемқорлық қазіргі кездің жаһандық мәселесі» көрме-толғанысы дайындалды.

Көрмеге қойылған басылымдардың ішінен еліміздегі жемқорлыққа қарсы саясаттың жүйелі жүргізіліп келе жатқанын көрсететін нормативтік құқықтық актілер енгізілген «Борьба с коррупцией в Республике Казахстан» жинағы назар аударуға тұрарлық.

Сондай-ақ Е. О. Алаухановтың «Борьба с коррупцией» кітабында да жемқорлықтың негізгі ережелері көрсетіледі,  кітапта алғаш рет жемқорлықтың тарихы мен дамуы зерттеледі, қылмыс туралы білім көздерінен бастап жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықпен күрес саласындағы қазіргі кездегі теорияға дейін қарастырылады.

Көрме ай бойы жұмыс істейтін болады.

 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus