Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Тағдыры – тарихтың бір тарауы
13.01.2020

2020 жыл – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 80 жылдығы. Абонементтер бөлімі оқырмандар назарына осы бір атаулы күнге арналған кітап көрмесін ұсынады.

Қазақстанның қазіргі кездегі тарихы бірінші президенттің атымен тығыз байланысты. Нұрсұлтан Назарбаев - Қазақстан Республикасының негізін қалаушы, оның бірінші Президенті, Ұлт көшбасшысы. Бұл ұғымдардың әрқайсысы Нұрсұлтан Әбішұлының ел тағдырындағы тарихи рөлін нақты және дәл көрсетеді.

Көрменің орталық бөлігіне авторы Нұрсұлтан Әбішұлының өзі болып табылатын «Қазақстан жолы» кітабы, «Тәуелсіздік дәуірі» тарихи көсемсөзі, «Созидая будущее» тақырыптық жинағы, «Халыққа арнау» баяндамалары мен сұхбаттарының жинағы, қазақтардың «Көші-қон және қазақ әлемі» V Дүниежүзілік құрылтайында сөйлеген сөзі мен баяндамаларының жинағы және т.б. басылымдар қойылған. Авторлардың бірінші президенттің жеке басын жан-жағынан таныстыратын басылымдары да: А. Гафаровтың «Еліне елеулі Елбасы», О. Видованың «Нурсултан Назарбаев: Портрет человека и политика», С. Харченконың «Две страны, две судьбы и одна цель» кітаптары, Т. Бекниязовтың «Тұңғыш Президент» өлеңдер мен поэмалар кітабы, «Размышления о Лидере» таңдамалы мақалалар, арнау өлеңдер мен сұхбаттар жинағы, «Наш Президент» деректі повесі және басқа басылымдар айтарлықтай қызықты және мазмұнды. Көрмеге қойылған басылымдарда Елбасының өмірі жайлы, оның шығармашылық және жасампаздық идеялары туралы баяндалады және бұлардың барлығы көз алдымызда көркейіп келе жатқан Қазақстанның қазіргі кездегі тарихын ғана емес, сондай-ақ мемлекетіміздің болашағын түсінудің де кілті болып табылады.

Көрме өз жұмысын 2020 жылдың аяғына дейін жалғастырады.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus