Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
23.12.2019

Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК белгілі қостанайлық ақын және аудармашы, кітапхананың ескі досы Әбдірахман Серғалиұлы Досовты оған ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері атағының берілуімен құттықтайды.

Әбдірахман Серғалиұлы – көптеген халықаралық, республикалық және облыстық әдеби байқаулардың жеңімпазы және лауреаты, Қостанай меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының иегері, 6 кітаптың авторы. Ол өзіндік қолтаңбасы, жазу өрнегі бар ақын ретінде ғана емес, сондай-ақ М. Мақатаев, Ф. Оңғарсынова, А. Шаяхмет, С. Оспанов, Ж. Баязид, М. Бектемірова секілді және т. б. қазақ авторларының поэтикалық, прозалық және драмалық шығармаларын аударған аудармашы ретінде де белгілі. Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК жанынан жұмыс істейтін әдеби орталықтың жұмысына тұрақты қатысады, кітапхана қабырғасында бірнеше рет өзінің кітабының тұсаукесерін және оқырмандармен шығармашылық кездесулер өткізді.

Әбдірахман Серғалиұлы отыз жылдан астам уақыт ақын және аудармашы ретінде жұмыс істеп келеді. Ол отандық әдебиетке айтарлықтай үлес қосты және оған берілген құрметті атақ мұны растай түседі. Біз Әбдірахман Серғалиұлына зор денсаулық, келешекке деген сенімділік және келе жатқан Жаңа жылда шығармашылық табыстар тілейміз!
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus