Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ұлы дала тұлғалары: Тұрар Рысқұлов – 125 жыл»
06.11.2019

Абонементтер бөлімінде қазақ авторларының, атақты тұлғаларының мерейтойларына арналған кітап көрмелері циклі жұмысын жалғастырып келеді.

Тұрар Рысқұлов – мемлекет және қоғам қайраткері, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысын ұйымдастырушы және жетекшісі, тарихшы, талантты журналист, экономист, педагог. Ол Түркістан және Әзірбайжан Республикаларында төраға болды, Моңғолияда қызмет істеді. Қазақстанда «Еңбекші Қазақстан» газетінің редакторы, бұдан кейін Мәскеуде РСФСР Кеңес халық комиссариаты төрағасының орынбасары болды. Теориялық зерттеулермен айналысты. Өз кезеңінің өзекті мәселелеріне арналған 10 кітабы, 100 астам мақаласы жарық көрді. Көрмеге Тұрар Рысқұловтың еңбектері және ол жайындағы әдебиеттер қойылған. Қарашаның соңына дейін жұмыс істейтін көрмені тамашалауға шақырамыз.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus